Ғылыми-зерттеу жұмысы: «Әлемдік кластағы университеттерді құру және дамытудың халықаралық тәжірибесі: жалпы трендтер және қауіп-қатерлер талдауы»

бәсекелесуге қабілетті университеттерді құру болып табылады.

Ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты Қазақстанда әлемдік кластағы университеттерді құру мен дамытудың келешегін бағалау және ұсыныстарды ортаға қою үшін әлемдік кластағы университеттерді құру және дамытудағы халықаралық тәжірибесін зерттеу және жалпылау болып табылады.

Зерттеу тәсілдері ретінде педагогикалық, социологиялық әдебиетті, нормативтік құжаттарды саралау, салыстырмалы талдау, жоғары оқу орындары қызметінің практикасын талдау, жалпылау және сауалдамалау қолданылған.

Нәтижесінде, озық отандық және халықаралық тәжірибені зерттеуге сүйене отырып, Қазақстан Республикасында әлемдік кластағы университеттерді құру моделі ортаға қойылған; әлемдік деңгейде бәсекелесуге қабілетті университеттердің қалыптасуын сипаттайтын негізгі сандық және сапалық көрсеткіштері белгіленген; қазақстандық университеттерінің жалпы сипаттамалары көрсетіле отырып, олардың стратегиялық даму жоспарларының мазмұны мен мақсаттарының әлемнің озық жоғары оқу орындарының негізгі құжаттарына сәйкес келуін анықтау тұрғысынан зерттелген.

Сауалдамалаудың нәтижелері негізінде зерттелген университеттердің артықшылықтары мен кемшіліктері анықталды, озық қазақстандық университеттерінің ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында бекітілген Казақстан 2 университетінің әлемнің озық университеттері рейтингісіне ену көрсеткішін орындауға және әлемдік білім беру кеңістігінде сапалы қызмет етуге арналған ұсыныстар берілді.


Тізімге кері қайту