Орталықтың қалыптасу кезеңі

Қазақстан Республикасының жеделдетілген экономикалық және әлеуметтік даму барысында білім жүйесінің алдындабірқатар мәселелердің шешілу кезеңі туды. Әлемдік бәсекелестік әрі жаһандандыру үрдісінде білім саласының сапалы инновациялық тұрғыда даму қажеттілігі сараптық талдау орталықтарының мүмкіндіктерін белсенді түрде қолдануға бет бұрғызды. Бүгінде осындай орталықтар әлемнің түпкір-түпкірінде табысты қызмет атқаруда. Елемізде болса, олардың жұмысы үлкен сұранысқа ие және оған Қазақстан стратегиялық зерттеу институты, Ұлттық талдау орталығы, Экономикалық зерттеулер институты сияқты бірқатар мекемелердің ғылыми және талдау жобаларыдәлел.

АҚ «Ақпараттық-талдау орталығы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастауымен 2011 жылдың 15 қарашасында құрылды (Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1063 үкімі бойынша).

Орталыққа тәжірибесі мол ғылыми қызметкерлермен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша әлемнің мықты университеттерінде білім алып келген жас түлектер де жұмысқа шақырылды.

2012 жылдың 29 наурызында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Бақылау Комитетінің шешімімен Орталыққа «ғылыми мекеме» статусы берілді.