Орталық туралы

Міндеті:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі үшін білім беруді дамыту саласындағы халықаралық тенденцияларға талдау жүргізу, білім беру ұйымдары мен стейкхолдерлер үшін әлемдік және қазақстандық ең озық тәжірибені тарату және жүйелендіру арқылы Ұлттық білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Көрінісі:

Білім беру саласындағы мемлекеттік секторға арналған жоғары сапалы ғылыми-талдау қызметтерін сенімді әрі әділ қамтамасыз етуші.

Қазақстандық білім жүйесінің дамуы жолында жаңа механизмдерді жасап шығаратын ең үздік әрі кәсіби ұйым.

Сарапшылардың алдыңғы қатарлы қоғамдастығы және қолданбалы зерттеулер жүргізу арқылы ұлттық білім беру жүйесін жақсарту механизмі

Қызметі:

1. Білім беруді дамыту мәселелеріне қатысты жобалар жасап, зерттеулер жүргізеді;

2. Білім беру жүйесін дамытудың шетелдік тәжірибесі үрдістерін жинақтайды және зерттейді;

3. Білім беру саясатын жетілдіруге қатысты ұсынымдар мен қорытындыларды әзірлейді;

4. Білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттарын бағдарламалайды және өңдейді;

5. Білім беру саласында жақын және алыс шетелдердегі халықаралық ұйымдар институттарымен ынтымақтастықты дамытады;

6. Білім беру мәселелері бойынша Республикалық және халықаралық семинарлар, конференциялар, ғылыми-практикалық семинарларды өткізуге қатысады;

7. Білім және ғылым қызметкерлеріне оқыту курстарын және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру және өткізу;

8. Білім беруді дамытуды ақпараттық-медиалық сүйемелдеу;
9. Білім беру саласындағы мемелекеттік бағдарламалардың іске асырылуынің мониторингіне қатысу;
10. Бизнес-процестерді функционалдық талдау жасау және ақпараттық технологиялар негізінде шешімдер әзірлеу;
11. Білім беру көрсеткіштерінің әкімшілік есеп деректерінің электронды базасын өңдеу, жинақтау, сақтау және қолдану, халықаралық білім беру статистикасының (Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Америка Құрама Штаттары және т.б. ) талаптарына сәйкестендіру;
12. Білім беру жүйесінің дамуын мониторингілеу және Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің жағдайы мен дамуы туралы талдамалық баяндамаларды, жинақтарды әзірлеу мен басып шығару;
13. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалайтын халықаралық және қазақстандық салыстырмалы зерттеулерді ұйымдастыру, өткізу.

Құрылу тарихы:

Қазақстан Республикасы экономикалық және әлеуметтік дамуының қарқынды түрде алға басуы білім беру жүйесінің алдында да жаңа міндеттер қойды. Жаһандану мен әлемдік бәсекелестік жағдайындағы білім беру жүйесінің сапалы инновациалық даму қажеттілігі мықты орталықтардың сараптамалық-талдау мүмкіндіктерін белсенді түрде пайдалануды талап етті.

Бүгінде барлық дамыған елдерде осыған ұқсас орталықтар табысты еңбек етуде. Біздің елімізде осындай орталықтар қызметінің тиімділігі Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты, Ұлттық талдау орталығы, Экономикалық зерттеулер институтымен жүзеге асқан бірқатар ғылыми және талдамалық жобалар арқылы дәлелденді. Осы игі тәжірибені назарға ала отырып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бастамасымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылдың 15 қыркүйегіндегі №1063 Қаулысымен «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ құрылды. Орталық жұмысына білім беру саласында үлкен жұмыс өтілі бар тәжірибелі ғылыми қызметкерлер, сондай-ақ АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Жапония, Оңтүстік Корея, Чехия, Герман Федеративтік Республикасы және Францияның үздік жоғарғы оқу орындарын тәмамдаған «Болашақ» стипендианттары қатарынан жас мамандар шақырылды.

2012 жылғы 29 наурызда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім саласын бақылау комитетінің шешімімен Орталық «ғылыми ұйым» мәртебесіне ие болды.

«Ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қарамағындағы ұйым болып табылады.